Бір-бірімізге алғыс айтумен басталатын көктемнің алғашқы күні аудан әкімі Қанат Әзмұханов аудандағы тыл ардагерлеріне арнайы Құттықтау хатын жіберді. Онда: «Еліміздің басына түскен сонау қиын-қыстау кезеңдерде Сіз тылдағы ауыр еңбекке балалық балғын шағыңызда ерте араластыңыз. Жеңіс күнін жақындатуға тылдағы еңбектің де алған орнын ерекше атай отырып, елімізге бейбіт өмір сыйлаған қажырлы еңбегіңізге аудан халқы атынан алғыс айтамын. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Ұрпағыңыздың қамқорлығы мен ықыласына бөлене беріңіз!» деп жазылған. Аудан әкімінің Құттықтау хаты мен кәсіпкерлер демеушілігімен дайындалған сыйлықтарын округ әкімдері тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, табыс етті. Сонымен қатар Г.Амангелдіқызы мен Р.Мұратқызы (Миялы а/о, көше тазалықшылары), Н.Қарабалин (Жангелдин а/о, кәсіпкер), С.Иманалиев (Ойыл а/о, қызметкер), С.Байғазиева (Ш.Еркінов ат. о/м, есепші), М.Төлеуов (Көздіғара а/о, шаруашылық меңгерушісі), С.Нәсіпқалиұлы (Тасшағыл а/о, шаруашылық меңгерушісі), М.Айтуаров (Қаракөл дәрігерлік амбулаториясы, фельдшер), Г.Ерғазиева (Жамбыл а/о, «Қазпошта» операторы), Е.Ерболат (Қаракөл ауылдық электр желі жүйесінің электригі), А.Қосаев (Жамбыл а/о, Қызылқоға желілік учаскесі), Н.Қабешова мен Р.Есқалиева (Қарабау дәрігерлік амбулаториясы), Қ.Сейсенғалиев (Тайсойған фельдшерлік-амбулаториялық пункттің операторы), С.Сариев (Тайсойған а/о, кәсіпкер), І.Аюпова (Мұқыр а/о кәсіпкер) мен А.Ақбергеновтер (Мұқыр ауылдық электр желі жүйесінің монтері) аудан әкімінің алғыс хатын иеленді.
Бауыржан ОҚАСҰЛЫ