Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өнерлі өрендер тағы да қуантты

Таяуда Ақтөбе қаласында «Ақбөбек» шығармашылығының ұйымдастыруымен халықаралық «Ақбөбек» конкурсы өтіп, өнерлі балғындар бейнелеу, қолөнер, хореография, вокал, аспапта ойнау, көркемсөз бағыттары бойынша сынға түсті.

Қашанда барған жарыстарынан жүлдесіз оралмайтын Миялы өнер мектебінің оқушылары тағы бір жеңіспен қайтты. Атап айтсақ, «Аспапта ойнау» наминациясы бойынша фортепиано аспабында өнер көрсеткен Нұрайна Тілекбай ІІІ орынды иеленсе, домбыра аспабы бойынша Нұрдәулет Ғабдулла ІІ орынды, Азат Сағытжан, Мейіржан Төлеуов, Ботакөз Мейрамбекқызы, Жоламан Айасыл ІІІ орын иемденіп, Айым Қаржау Дипломант атанды. Ал, домбырашылар ансамбльдері арасында Жангелдин ауылдық округіндегі филиал оқушылары Шұғыла Қанат, Перизат Нұрболат, Наурызгүл Қабидолла, Жайдарлым Айбекқызы, Айшат Сүйеуғали, Назира Жәрдемғалиевалар І орынды, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Әлихан Кереев ІІ орынды, «Хореография» номинациясы бойынша «Балапан» бишілер тобы ІІІ орынды иемденді. Сондай-ақ, республикалық «Қазақстан Таланттары» рухани-патриоттық байқауында скрипка, фортепиано, домбыра, дәстүрлі ән, хореография номинациялары бойынша өнер көрсеткен бүлдіршіндер де олжалы оралды. Айталық, «Аспапта ойнау» наминациясы бойынша фортепиано аспабында ойнаған Нұрайна Тілекбай мен скрипка аспабы бойынша Айдидар Мақсот І орынға, Диана Қоныс ІІ орынға, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Жаубасар Ақбаян ІІорынды, Талғатұлы Айсұлтан ІІІ орынды иемденді.

Ал, домбыра аспабы бойынша Аясыл Жоламан, Мұса Еркебұлан, Мақсот Нұрбақыт, Сейтембек Ерасыл, Айкөркем Ешмұхановалар І орынды иемденіп, жетекшісі Гүлмайя Орынбай «Үздік тәлімгер» төс белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, осы байқауда «Хореография» номинациясы бойынша «Балапан» бишілер тобы ІІ орын, жеке орындауда Аида Руслан мен Саяжан Талғатқызы ІІІ орынға ие болды. Тағы бір жеңісті байқау Алматы қаласында өткен республикалық «Жас таланттар» байқауы. Екі күнге созылған өнерлілер додасына Қостанай, Қарағанды, Повлодар, Шымкент, Алматыдан үміткерлермен қоса аталмыш мектептің оқушылары қатысты. Байқауда «Хореография» номинациясы бойынша жеке орындауда Назерке Ғабдолла, «домбыра» номинациясы бойынша Нұрдәулет Ғабдулла І орынды, Азат Сағытжан, Нұргүл Сұлтанбек ІІ орынды, Айым Қаржау ІІІ орынды иемденіп, «дуэт» номинациясы бойынша Нұргүл Сұлтанбек, Айым Қаржау І орынды, Азат Сағытжан, Нұрдәулет Ғабдулла ІІІ орынды жеңіп алды. Ал, жеке орындауда Ерасыл Сейтембек ІІ орынға ие болды. Оқушылардың осындай жетістікке жетулеріне жетекшілері Биғайша Ағашина, Дана Маделбекова, Гүлшара Тіріжанова, Айжан Досқалиева, Гүлжан Оразғалиевалардың еңбегі зор.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521