Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

НАУРЫЗДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Бүгін «Жастар» паркінда аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оған «Құрман» шаруа қожалығы (Ойыл а/о.) сүт өңдеу цехында дайындалған айран ірімшік, май, құрт әкелсе, жамбылдық кәсіпкер Алмагүл Құрманғазиева нан өнімдері мен балқаймақ, қаймақ, май, ал миялылық кәсіпкер Нұрбек Нұрланұлы шұжық, ысталған үйрек түрлерін саудаға шығарды.

Сонымен қатар тұрғындар Миялы, Жангелдин, Сағыз, Тасшағыл, Тайсойған ауылының кәсіпкерлері мен «Теңдік» шаруа қожалығы (Көздіғара а/о.) жәрмеңкеге қойған тары-талқан, сары секер, нан, сүт, ет, балық және кондитер өнімдерін қолжетімді бағада саудалады. Жәрмеңкелер келген тұтынушылар тайсойғандық Ақмарал Өрбісінова мен мұқырлық Мөлдір Қоңдыбай әкелген қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдары «Түймеш» пен «Өрметөстен» ауыз тиіп, ақтан дәм татты. Шара соңында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Зинеш Сарбуфеева ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне өз өнімдерін ұсынып, белсене қатысқан кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың Алғыс хатын табыс етті. Ұлттық мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл шара аудан тұрғындарының қолжетімді бағада сұраныстарын қанағаттандырып, азық-түлік бағасын шектік бағада ұстауына өз септігін тигізгені анық.

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT