Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Наурыз көжені бренд қыла аламыз ба?

Ұлыстың Ұлы күнінде халықтың жаппай пісіріп, бір-біріне ұсынатын сусыны – наурыз көже.

Жеті түрлі тағамнан жасалатын ұлттық асымыз расымен де өте дәмді. Әрі құрамында бойға нәр, күш-қуат беретін пайдалы дәрумендерге толы. Алайда, неге екені белгісіз осынау қадірлі асымыз тек наурыз айында пісіріледі де қалған уақытта ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Өзге елдер өзінің удай зиян тағамдарын жарнамалап, брендке айналдырып жатқанда біз наурыз көжемізді «бір маусымдық ас» қылып алдық.

Мәселен, Америка «Кока-коласын», Италия пиццасын, түрік донерін, қытай сущиін жарнамалап жүріп, қазір бүкіл әлемге әйгілі асқа айналдырды. Тіпті ең шалғайда жатқан біз де қонақтық, тойымызды өзге елдің тағамымен атап өтетін болдық. Әріге бармай-ақ, бір ғана Миялы ауылының өзінде донер, сущи, пицца пісіретін 5-6 дәмхана мен дүңгіршек бар. Кез келгенін уақытта тапсырыс берсең болды, әп-сәтте жеткізеді. Ал, наурыз көже ішкісі келетін адамға ондай мүмкіндік жоқ. Сонда наурыз көже мен бауырсақты қалай брендке айналдыруға болады?

Ол үшін мемлекет тарапынан ұлттық тағамдар дайындайтын кәсіпкерлерге гранттар мен субсидиялар беруді қолға алу қажет. Сосын ұлттық асымызды жатпай-тұрмай жарнамалауымыз керек. Сонда ғана бұл бастама өз нәтижесін берері хақ.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521