Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ағаш егуді дәстүрге айналдырсақ...

Наурыз тойы – тек қана ас ішіп, аяқ босататын мейрам емес. Бұл күн мен түннің теңесіп, табиғаттың буырқанатын сәті. Қытымыр қыстың қаһары қайтып, бәйшешектің бүршік атар шағы.

Осы орайда, адамзат баласы осы сәтті пайдаланып, ағаш егіп, айналаны қыстан қалған күл-қоқыстан тазартуға ат салысуы керек. Және наурыздағы осы бір сауапты амалды кейінгі ұрпағына көрсетіп, дәстүрге айналдырған жөн. Сонда ғана аталмыш мейрам жастардың санасына сіңері хақ. Алайда, қазір наурыз айында дәл осы амалды жасап, үлгі көрсетіп жатқан үлкендерді байқамаймыз. Алматы техникалық университеті экология мамандығының 3-курс студенті Жамбыл Бауыржанның айтуынша, әр наурыз сайын аталмыш мамандықтың студенттері топ-топқа бөлініп ағаш егуден сайысқа түседі екен. Сайыс наурыз-қыркүйек айларына дейін созылады.

Яғни ағаш гүлдеп, бүршік жарғанша жарыс жалғасады. Сонда олар тек ағашты егіп қана қоймай, әр апта сайын әктеп, су құйып, барынша күтіп-баптайды. Ал, қай топтың ағаштары уақытылы шықпай, қурап қалса сол топ жеңіледі. Университет бітіретін студенттер болса еккен ағаштарын өзінен төменгі курс студенттеріне эстафета есебінде табыстап кетеді. Алматылық студенттердің бұл бастамасы расымен де көңілге қонымды. Осы бір ағаш егу жарысы жыл сайын біздің ауданда да ұйымдастырылса қандай керемет?! Обалы не керек, аудан көлемінде жыл сайын мыңдаған ағаш егіледі. Алайда, оның қалай өсіп жатқандығы туралы ешқандай бақылау да, есеп те болмайды.

Ал, алматылық студенттердің әдісімен аталмыш жарысты ұйымдастырып, арнайы жүлде тігіліп тұрса мүмкін егілген ағаштар қурап қалмас еді...

Дулат МӘТЖАН

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521