"Көп түкірсе көл" демекші бірнеше қайырымдылық шараларында аудан еріктілерінің басын біріктіріп, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген Ризабек Амантайұлының ісі көпке үлгі боларлықтай.
Осы орайда, кеше "Біз біргеміз"акциясы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша ел дамуы мен өңірдің гүлденуіне елеулі үлес қосқан азаматтар қатарынан табылып, "Қызылқоға-құтты мекенім" қайырымдылық қорының төрағасы Ризабек Амантайұлы Мемлекет Басшысының жарлығымен "Халық алғысы" медалімен марапатталды.
Медальді облыс əкімі М.Досмұхамедов волонтерлер жылының жабылуында өз қолымен табыстады. Ендеше, жерлесімізді құттықтай отырып, алдағы игі істеріне сəттілік тілейміз.
Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ.