Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғаға инватакси берілді

Кеше, яғни 3-желтоқсан халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні болып жарияланған болатын.

Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалатындығы белгілі.

Осы орайда, аудан әкімдігінің қолдауымен кеше мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған "Инватакси" автокөлігі қолданысқа берілді. Осылайша, жабырқау көңілдерге ерекше көңіл бөлініп, шалғай ауылдардағы мүмкіндігі шектеулі жандар аудан орталығына арнайы жабдықталған көлікпен тасымалданатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT