Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МИЯЛЫДА ЖЕР СІЛКІНДІ

Бүгін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ жер сілкінісі туындаған кезде азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын дайындау мақсатында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.

Онда алдымен Миялы ауылының оңтүстік-шығыс бағытында үш далалық шатыр тігілді. Оның бірі жедел штабқа арналса, екінші шатыр жер сілкінуі кезінде зардап шеккендер орналасуға, ал үшінші шатыр асханаға арналды. Шатыр қасында сапқа тұрған азаматтық қорғау қызметтері мен жедел мән беру топтарын тексеріп, дайындықтарын пысықтаған аудан әкімінің орынбасары Ерболат Иғали олардың техникамен, құрал-жабдықтармен, арнайы киіммен қамтылуына баса назар аударды. Бұдан кейін оқу-жаттығу бойынша жер сілкінісінен зардап шеккендер арнайы көлікпен жеткізілді. Бұл жерде оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, одан кейін демалатын шатырға орналастырылып, ыстық тамақпен қамтылды.

Осылайша оқу-жаттығу барысында аудан аумағында жазатайым жер сілкінісі болған жағдайда азаматтық қорғау күштері мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы, халықты қауіпсіз аймаққа көшіру, апат салдарын жою бағытындағы іс-қимылдар пысықталды. Жалпы, оқу-жаттығуға 25 арнайы техника мен 46 маман жұмылдырылды.

Бауыржан САҚТАСЫНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT