Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Қанат Әзмұханов мүгедектегі бар жандармен кездесті.
Оған аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлім, мекеме басшылары мен әр ауылдан келген мүгедектегі бар жандар қатысты. Кездесуді аудан әкімі Қанат Әзмұханов ашып жүргізіп отырды.
Жиын барысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмагүл Ғазезова мүгедектігі бар жандарға жасалып жатқан қамқорлық туралы баяндама жасады. Бұдан соң мүгедектігі бар жандар сөз алып, жұмыспен қамту, тұрғын үй алу, инватакси, тегін дәрі сынды бірқатар мәселелерін ортаға салып, ол сауалдарға аудан әкімі және жауапты бөлім, мекеме басшылары заң аясында жауап берді.
Толығырақ газетіміздің келесі санына оқи аласыздар.
Дулат МӘТЖАН