Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САЙЛАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Дүниежүзілік сайлау күніне орай, марапаттау шарасы өтті. Оған аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали, аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқанов, мәслихат депутаттары қатысты.

Шараны ашқан аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали саяси науқан кезінде уақытпен санаспай еңбек еткен барлық қызметкерге ақжарма тілегін арнаса, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқанов:

- Бүгінгі таңда ауданда 1 аумақтық 19 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс жасайды. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсанындағы №13-1 шешімімен комиссиялардың жаңа құрамын қалыптастырды. Жаңадан сайланған комиссия құрамының 44 мүшесін қоғамдық ұйымдардан, 80 мүшесін саяси партиялар ұсынған. Жаңадан 31 мүше қосылды. Аудандық аумақтық, учаскелік сайлау комиссиялары алдағы саяси науқандарда заң талаптары шеңберінде жұмыс ұйымдастыруға белсене ат салысады, - деді.

Одан соң сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев жиынға қатысушыларды құттықтау тілегін арнап, аудан әкімінің алғыс хатын Жолдас Ыбырашев, Жолдас Қамиұлы, Қайсар Аққожиев, Мұрат Төлеуов, Лес Хамидуллин, Дулат Ғұбайдуллиндерге табыстады. Ал, аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали аудандық мәслихаттың алғыс хатымен Берік Бейсов, Айнұр Қосдәулетова, Салтанат Дәулетбаева, Айгүл Жаумитова, Жанаргүл Жұмиеваларды марапаттап, естелік суретке түсті.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521