Құрметті  Қызылқоға ауданының тұрғындары!
        «Қазтелерадио» АҚ Атырау Қазақстан облыстық филиалы Қызылқоға ауданының РТС Мұқыр радио-,телехабар тарату станциясынан (РТС)  цифлық эфирлік телехабар тарату (бұдан әрі-ЦЭТТ) 2023 жылдан 15 желтоқсан бастап қолданысқа берілгендігін хабарлайды.
        ЦЭТТ – сандық теледидардың аналогтық сигналдан басты айырмашылығы – кедергіге төзімділігі. Сандық жүйенің сигналы тіпті ең шалғай елді мекендерге қаз-қалпында жетеді.
 ЦЭТТ-ға көшу телевизияда ашылған жаңа бағыт. Сондай-ақ, цифрландыру шағын елді мекендерде аналогты форматтағы 2-3 телеарнаның орнына цифрлық форматта 11 телеарнаға дейін қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, оларды тарату үшін электр энергиясын тұтыну да едәуір аз. 
        ЦЭТТ ұсынатын арналар:
| 
 РТС саны  | 
 Облыс атауы  | 
 РТС  | 
 Арна тізімі  | 
 түймелер №  | 
|
| 
 1  | 
 2  | 
 3  | 
 6  | 
 7  | 
|
| 
 1  | 
 Қызылқоға ауданы  | 
 РТС Мұқыр  | 
 «QAZAQSTAN»  | 
 1  | 
|
| 
 «Хабар HD»  | 
 2  | 
||||
| 
 «Хабар 24»  | 
 3  | 
||||
| 
 «BALAPAN»  | 
 4  | 
||||
| 
 «ЕЛ АРНА»  | 
 5  | 
||||
| 
 «Jibek joly»  | 
 6  | 
||||
| 
 «ABAI TV»  | 
 7  | 
||||
| 
 «Первый канал Евразия»  | 
 8  | 
||||
| 
 «ATYRAÝ»  | 
 9  | 
||||
| 
 «QAZSPORT HD»  | 
 10  | 
||||
| 
 «CASPIAN NEWS»  | 
 11  | 
ЦЭТТ қосылу әдісі лифлетте екі тілде берілген, яғни, теледидар DVB-T2 цифрлық хабар тарату стандартын қолдайтынына көз жеткізу керек. Егер қолдайтын болса, тек дециметрлік антеннаны қосу жеткілікті. Ал, ескі теледидарлар, әдетте, DVB-T2 стандартын қолдамайды, сондықтан цифрлық сигнал қабылдағыш сатып алу қажет болады, ол шамамен 5500-6500 теңге тұрады.
     Цифрлық теледидарға қосылудың тәсілдері туралы толық ақпаратты Call-орталықтан алуға болады: 8(727)258-15-00, 8-8000800193; 8707-258-15-00 (WhatsApp, Telegram). 
    Сондай-ақ тікелей «Қазтелерадио» АҚ Атырау облыстық телерадиохабар тарату филиалына қоңырау шалуға болады: 8(778)-312-7817, 8 (701) 488-92-93.
                                    
            
    
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						

