Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мердігерлер жауапсыз

Қызылқоға ауылдық округі әкімінің есебі Қарабау орта мектебінде өтті.

Есеп беру жиыны басталмас бұрын аудан әкімі Арман Баженов округте салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, артынша мектептің ішін де аралап көрді.

Содан кейін есептік баяндамасын жасаған округ әкімі Қанат Қайруллиннің айтуынша, жыл ішінде әртүрлі салықтардан барлығы 3 миллион 92 мың теңге қаржы түсіп, ол қаржы су сорғысын алу, кіші аяқ доп алаңын қоршау, көше шамын орнату сынды жұмыстарға жұмсалды. Кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 27 адамға жетті. Округ халқын ауызсумен қамту мақсатында «Мұздыбұлақ-Қарабау» су құбыры «Асыл-Агро» ЖШС-не сенімгерлікпен басқаруға берілді. Ал, су жинайтын мұнара құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттар жасақталуда. Ауыл халқы үшін көкейтесті мәселе болып келе жатқан мәдениет үйі құрылысының жобалық-сметалық құжаттарына түзету енгізілуде. Егер құжаттар сараптамадан өтсе көп ұзамай құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар, биылғы жылы Қарабау орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылыжай жұмысын жандандыру, егіншілікті дамыту сынды жұмыстарды жасау жоспарда бар.

Жарыссөзге шыққан Қызылқоға ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Тауман, ауданның Құрметті азаматы Шапиғолла Қонысбаев, ауыл тұрғыны Сүлима Телемгеновалар ауылда салынып жатқан тұрғын үй, емхана, балабақша құрылыстарының тым баяу жүріп жатқанын, округ бойынша мал ұрлығының өршіп тұрғанына тоқталды. Айтылған ұсыныс пікірлерді мұқият тыңдаған аудан әкімі Арман Баженов құрылыстардың өте баяу жүріп жатуы өз жұмысына салғырт қараған мердігер компаниялардың кесірі екендігін, уақытында орындамағаны үшін сотқа берілгенін атап өтті. Жиын біткен соң аудан әкімі әдеттегідей ауыл тұрғындарын қабылдады.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521