Жедел жәрдем бекеті ашылса...

Өткен жылы Мұқыр ауылдық округінде де ел үшін біраз игі істер атқарылыпты.

Бұл туралы округ әкімінің міндетін атқарушы Мереке Есқалиев Мұқыр орта мектебінде болған есеп беру жиынында баяндады. Атап айтсақ, былтыр ауыл ішілік 4 шақырым 700 метр жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталса, Мұқыр ауылынан 400 орындық мәдениет үйі мен 424 орындық мектеп, Жантерек елдімекенінен 60 орындық бастауыш мектептің құрылысы басталды. Алайда, мердігердің жауапсыздығынан мәдениет үйінің құрылысы кешеуілдеуде. Атаулы әлеуметтік көмек алуға 26 отбасы өтініш беріп, 21 отбасының құжаттары өтті. Округ бойынша газге қосылмаған Сарқұмақ, Соркөл, Тасқұдық елді мекендеріне көгілдір отын тарту үшін құжаттар жасақталып жатыр. Өткен жылы «Мұқыр» қоғамдық бірлестігі құрылып, ол бүгінде әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыстар жасауда. Шағын және орта бизнеспен айналысатындар саны 154-ке жетіп, олар 120 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Баяндамадан соң ауданның Құрметті азаматы Амангелді Сәрсембаев, дәрігер Майжан Сүйеуова, ауыл тұрғындары Қуандық Төрешов, Сәлімгерей Исамбердиевтер ауылдан жедел жәрдем бекетін ашу керектігін, тіс дәрігері жоқтығын, №6 ауылдың жарық беру желісін жаңғырту, жүн-тері қабылдайтын орын ашу, ауыл ішімен жүретін май таситын көліктердің жолды бүлдіретіндігі туралы мәселе қозғады. Аудандық орталық аурухананың директоры Самат Тайшыбайдың түсіндіруінше, тіс емдейтін дәрігерлер жекеменшікке айналып кетті. Ауылдан жедел жәрдем бекетін ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ал, аудан әкімі Арман Баженов ауызсу мен жарықтандыру мәселесі қаперінде екенін, аталмыш мәселені шешу жолында жұмыстанатынын атап өтті. Жиын соңында «Сағыз Петролеум» ЖШС өкілі Бердіхан Кемешов май таситын жүк көліктерінің өздерінің арнайы жүретін картасы барын айтып, егер заң бұзушылық орын алса оларға шара қолданылатынын тілге тиек етті.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН.

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика