Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕСЕЛІ ЕҢБЕГІ

Тасқын сумен күресте белсене ат салысып жатқандардың ішінде ауданға қарасты бөлім, мекеме қызметкерлері де бар. Олар таңғы сағат сегізден кеш қарайғанша қапшыққа құм толтырып, бөгеттерді бекітуде.

Атап айтқанда, аудан әкімі және мәслихат аппаратының 12 қызметкері 150 қапшықты құммен толтырса, “Жасұлан”, “Нұршуақ”, “Балдырған” бала бақшаларының 15 қызметкері 250 қап қаптады. Сол сияқты Қызылқоға желілік техникалық учаскесі 2 “Камаз” құмды қапқа салып, бөгеттерді бекітсе, аудандық білім бөлімі 250, “Арман” мәдениет үйі 100, қазынашылық басқармасы 70, мемлекеттік кірістер басқармасы 80, “Азаматтарға үкімет” МККЕ АҚ Қызылқоға аудандық бөлімдері 900, “Қазсушар” мекемесі 1000, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері 400 қапшыққа құм салып, бөгет іргесіне қалады. Аудандық электрмен жабдықтау мекемесі болса ұзындығы- 300 метр бөгет соғып, биіктігі 1,5 метр болатын қапшықтарды орналастырды.

Бұдан бөлек, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бүгін түске дейін 60 қапшық құм қаптаса, кеше белгіленген учаскеге погрузчикпен 2,0 м деңгейіне дейін бөгетті көтеріп, 1 қатар қап пен жабылды. Бұған қоса, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, Х.Досмұхамедұлы атындағы, Б.Аманшин атындағы орта, Миялы Өнер мектептері, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиялары да еселі еңбек сіңірді. Кеш қарайса да жұмыстар әлі жалғасуда.

Дулат Ғұбайдуллин

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT