Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚҰДАЙ ЖОЛЫ САДАҚА БЕРДІ

Бүгін таңертеңгілік О.Сүлейменов ықшам ауданының тұрғындары мен Т.Қарабалин, Қ.Сәтпаев, Ә.Жангелдин көшелерінің аталмыш ауылға жақын орналасқан тұрғындары бір бас мал сойып, шелпек пісіріп, Алладан келе жатқан тасқын судың қатерінен сақтауды тілеп құран бағыштап, құдай жолы садақа жасады.

Тасқын судың алдын алу мақсатында жұмыс жасап жатқан ауыл тұрғындары мен "АИС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларына ыстық тамақ апарып берді. Сонымен қатар, түстен кейін тағы бір мал құрбандық шалып ораза ұстап жүрген барлық жұмысшыға ауызашар ұйымдастырды. Сөйтіп, ауыл тұрғындары өзара бірігіп, уақытпен санаспай еңбек етіп жатқан жандарға қызмет көрсетті.

Бауыржан САҚТАСЫНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521