28 наурыздан бері қауіп төндірген Сағыз өзеніндкгі қауіп сейілді. Қазір ахуал тұрақты, су деңгейі түсіп, өз арнасымен ағуда.
Екі күннен бері қауіптің алдын алуға 300-ге жуық ерікті мен 12 арнайы техника жұмылдырылды. Олар 9000 қапшыққа құм толтырып, 3 километр бөгетті бекітті. Сонымен қатар, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 25 құтқарушы көмекке келіп, көмек қолын созды. Сөйтіп, Сағыз халқы ауызбіршілік танытып, ауылды суға кетуден алып қалды.
Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ