Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Малын даулаған тұрғындар мəмілеге келді

Қызылқоға аудандық сотында азамат М.Б.-ның жауапкер А.Қ..-ден бір бас қашар малын немесе оның құны 250 000 тенге өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап-арызында, 2020 жылдың сәуір айында, мал бағушы А.Қ-ге айына 2000 тенге төлейтін болып келісіп, бір бас малын қосады. Келісілген малдың ақшасын ай сайын төлеп тұрады. Алайда жауапкер, қазан айы ішінде малының жоғалып кеткенін талап қоюшыға хабарлайды. Баласы көлігімен барып қарағанымен таба алмай келеді.

Нәтижесінде, азамат М.Б. сотқа жүгініп, бір бас қашар малын немесе оның құнын өндіруді сұрайды. Осы азаматтық істі қарау барысында, тараптардан сотқа, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім келіп түседі. Келісімнің шарттары бойынша жауапкер талап қоюшыға бір бас малын шартта көзделген мерзімде беруге міндеттеледі.

Ал, талап қоюшы өз талабынан бас тартады. Сот ұйғарымымен, аталған азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс жғргізу тоқтатылды.

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT