Қызылқоға аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен азамат Б.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Б.С. алкогольді масаң күйде, отбасылық -тұрмыстық қатынастарда тұратын жәбірленуші-некедегі зайыбы Г.А-ға былапыт сөйлеп, бет-әлпетінен бірнеше рет ұрып, оның денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына әкеп соққан, қасақана жеңіл зиян келтірген. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, мастықпен зайыбына былапыт сөйлеп, ұрғаны үшін кешірім сұрап, өзара медиатордың қатысуымен татуласқандарын айтып, істі тоқтатуды сұрады.
Жәбірленуші Г.А. күйеуіне кешірім беріп, өзара медиация тәртібінде татуласуларына байланысты оған қатысты әкімшілік істі тоқтатып, жауаптылықтан босатуды сұрады. Сот қаулысымен, азамат Б.С. –ға қатысты әкімшілік іс, тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылып, ол әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.