Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра көлік жүргізген қызылқоғалық

    Қызылқоға аудандық сотында ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен азамат М.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат М.Ж.көлік құралын басқару құқығынан айырылған болса да,орталық көшеде «Lada Granta» маркалы автокөлігін басқарған. Бұдан бұрын, азамат М.Ж. ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша 2019 жылғы 19 желтоқсандағы сот қаулысымен 2022 жылдың 19 желтоқсанына дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Сот қаулысы заңды күшінде.        

   Сотта, М.Ж. кінәсін мойындап, көлік құралын басқару құқығынан айырылса да көлік басқарғанын жоққа шығармайтынын, жалақысы төмен болғандықтан айыппұл төлейтін жағдайының жоқтығын айтады.  Сот қаулысымен, азамат М.Ж. ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.  

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз