Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Махамбет Досмұхамбетов Қызылқоға ауданында жұмыс сапарымен болды

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жұмыс сапарымен Мақат және Қызылқоға ауданында болды»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында облыс әкімі жол инфрақұрылымы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, елді мекендерді жарықтандыру жұмыстарымен және әлеуметтік нысандардың құрылысы барысымен танысты. Алдымен өңір басшысы Сағыз ауылындағы жол инфрақұрылымын қарап шықты. Аталған ауылішілік жолдарды қайта жаңғырту жобасы 8 шақырымнан астам тас жол, 10 шақырымнан астам жаяу жүргінші жолын салуды қамтиды. Биыл тамыз айында басталған жұмыстар 2022 жылы қыркүйек айында аяқталмақ. Сондай-ақ, ауыл ішінде 7 шақырым көше жарығын жүргізу жұмыстары істелуде.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Сағыз ауылындағы 225 жер теліміне жүргізіліп жатқан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысымен де танысты. Сумен, электр қуатымен және газбен жабдықтау жұмыстары қарқынды істелуде. Соның ішінде, сумен жабдықтау жұмыстарын биыл аяқтау көзделіп отыр. Осы елді мекендегі маңызды әлеуметтік нысан – орталық стадионның құрылысы биыл маусым айында басталған.

3d0afb06-f4a7-4877-8eb2-7b93fc6ea1ee

Жоба бойынша 3,36 гектар аумақта футбол алаңы және 4 жолақты жүгіру алаңы мен 100 орындық трибуна қаралған. Аймақ басшысы барлық нысандардың мерзімінде, әрі сапалы аяқталуын қадағалауды баса тапсырды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды аталған жобалардың құрылыс жұмыстарына тарту мәселесін де міндеттеді.

Сапар барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Сағыз кентінің белсенділерімен кездесу өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Тұрғындар жол, жарық, су, жайылым мәселелері бойынша сауал қойып, әкімшілік ғимаратын жаңартып, балабақша салу жайын қозғады. Облыс басшысы тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын қарастыратынын жеткізді.

2bf12a81-0ab9-4d10-a968-b4b8f9414f8c

Өңір басшысының тұрғындарымен кездесуіне облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, облыстық мәслихаттың хатшысы, облыстық полиция департаментінің бастығы, басқарма басшылары және «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қатысты. Сонымен қатар, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Сағыз ауылында болып жатқан қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған жасөспірімдер мен ерекесектер арасындағы батыс аймақтық «Түйе палуан» ашық турнирдің финалдық белдесулерін көріп, жеңімпаздарды марапаттау салтанатына қатысты.

bf08e1ac-403f-4894-98e4-bba0b3ab1c5c

Жарыс қорытындысымен Арман Қалиев І орынға, Нұржан Байбосынов ІІ орынға, Аманжан Аралов пен Дулат Бәденов ІІІ орынға ие болды. Ал, жасөспірімдер арасында І дәрежелі дипломмен Мейрамбек Шадияров, ІІ дәрежелі дипломмен Шыңғыс Жоламанов, ІІІ дәрежелі дипломмен Әлфараби Нұржан мен Саламат Жандарбеков марапатталды.

Айта кетейік, өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов осы жұмыс сапары барысында Доссор кенті аумағындағы 5,6 шақырым айналма жолдың және Макат кентіндегі «Боздағын күткен – Ана» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысқан болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT