Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҰНАЙШЫЛАР ТАРТУЫ

      Мұқыр ауылында көпсалалы жаңа спорт алаңы салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының құрылғанына 100 жыл толуына орай мұнайшылардың демеушілігімен салынған спорт алаңында  шағын футбол, баскетбол, жүгіру алаңдарымен бірге түрлі жаттығу құрылғылары (воркаут) орнатылған.

       Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйлеген аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

            – Талай әлемдік додаларда елдің мерейін үстем етіп, көк байрағымыздың көкке көтерілуіне Мұқыр ауылының спортшылары да зор үлесін қосып  келе жатқаны баршаға аян. Бұл ретте, бүгінгі «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының 100 жыл толуына орай мұнайшылардың демеушілігімен тарту етілгелі тұрған көпсалалы спорт алаңының салынуы бұқаралық спорттың дами түсуіне үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. «Қазіргі жас буын келер күннің келбеті» демекші, болашақта осы спорт алаңында жаттыққан Мұқыр ауылының ұлтжанды спортшылары әлем төрінде көк туымызды желбіретеді деген сенімдемін. Осынау тамаша спорт алаңын салып берген «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына аудан тұрғындары атынан  зор   алғысымызды білдіре отырып, мұқырлықтарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтаймын! - деді.

            Сондай-ақ, мерекелік шарада «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев құттықтау лебізін білдірсе, мұнай саласының ардагері Есқалиев Василий қашанда қайырымдылығымен көзге түсіп жүрген әріптестеріне спорт алаңын салып бергені үшін ауыл тұрғындары атынан алғыс білдіріп, аудан спортшылары әлемдік додаларда еліміздің көк байрағын желбірете берсін деген тілегін білдірді.

            Айта кетсек, аудан әкімдігінің ұсынысымен салынған спорт алаңының құрылысын «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының демеушілігімен «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тапсырысымен «СМК-Атамекен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары жүргізді. Мұнайшылар бұған дейін Аққыстау, Доссор, Мақат кенті тұрғындарына да дәл осындай көпсалалы спорт алаңдарын тарту еткен болатын

            Шара соңында спорт алаңының лентасын аудан әкімі Қанат Әзмұханов пен «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев қиды. 

Бауыржан САҚТАСИНОВ

Суретті түсірген автор

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521