Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЫНА ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

  Жақында «Ақжол» демократиялық партиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Қайырбек Баймұратов аталмыш партия атынан «Ең үздік мәслихат депутаты» атағын иеленді. Марапатты Астана қаласының төрінде өткен жиында «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев табыс етті.

   «Партия мүшесі, Қызылқоға аудандық мәслихат депутаты Қайырбек Бағытжанұлы бұған дейін өңірінде кәсіпкерлігімен танылса, қазіргі таңда қоғамға қызмет етіп, ұлттық спортты дамытуда, руханиятты, партияның жұмысын көтеруде белсенділік танытып келеді. Сондықтан, ол «Ең үздік мәслихат депутаты» атағына әбден лайық деп білеміз», деді  «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев.

    Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кәсіпкерлігін бастап, аудан халқын азық-түлікпен қамтып келе жатқан кәсіпкер Қайырбек Баймұратовтың құрылыс саласында да өзіндік қолтаңбасы бар. Сондай-ақ, ұлттық ат спортын дамытуда сүбелі үлес қосып, қоғамдық жұмыстарды атқаруда белсенділігімен көрініп жүрген ол қайырымдылық істерге мұрындық болып, әркез аудандық газетке жанашырлық танытып, оқырманның молая түсуіне зор үлесін қосып келеді. Бұл ретте, кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Қайырбек Баймұратов «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының «Туған өлке» номинациясын иеленген болатын.

  Ендеше, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, кәсіпкерлік саласының мерейін көтеріп жүрген Қайырбек Бағытжанұлын жемісті еңбегіне лайық марапатымен құттықтай отырып, Жаңа Қазақстанның дамуына өз үлесін қосады деген сенімдеміз.

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT