Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

9 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

    Аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығы ғимаратында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті.

   Ондағы мақсат – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба  аясында жұмыссыздарға түсінік жұмыстарын жүргізіп, жұмыссыздық деңгейін азайту.

    Жәрмеңкеге 68 адам қатысып, аудан көлеміндегі жер қойнауын пайдаланып отырған мұнай компаниялары,  Теңіз қалашығындағы, аудандағы 9 мекемеден 45 бос жұмыс орындары бойынша қатысқан адамдарға мамандықтары  ұсынылды. Сонымен қатар, «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС-нің  орталық инженерлік-техникалық қызмет бастығы Қуаныш Жұмабекұлы  жергілікті жұмыссыздарға жұмыс барысы жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізіп,  бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде, 9 адам тұрақты жұмысқа орналасса, қалған жұмыс іздеушілердің түйіндемелері жинақталып, мамандықтары бойынша тиісті мекемелерге жіберілді.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз