Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мұнайшылар марапатталды

Мұнай және газ қызметкерлері күніне орай «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында салтанатты жиын өтті.

Шараны ашқан басқарма басшысы Қайнар Қоданов барша мұнайшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ерен еңбегімен көрініп жүрген бір топ қызметкерді марапаттады.

Атап айтқанда автоматтандыру бөлімі бастығының орынбасары Әсет Аманқұлов, қолданыстағы құрал-жабдықтарды жөндеу және прокаттау бөлімшесінің слесарь-жөндеушісі Мәлік Ноғайбаев, ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының операторы Самат Жанәбіл, Уаз, Қондыбай мұнай және газ өндіру бөлімшесінің операторы Аманжол Арыстанғалиев, жылу, газ, сумен қамтамасыз ету бөлімшесінің қазан және тозаң дайындау жабдықтарын жөндеу слесарі Марат Қожамжаровтар саланың дамуына қосқан үлестері үшін «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Құрмет грамоталары және «Алғыс хаттарға» ие болды.

Сондай-ақ, шара барысында бас инженер Нұрлыбек Мұқанов пен басқарманың кәсіподақ ұйымының төрағасы Еркінбек Мырзашев та мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен әріптестерін құттықтап, жұмыста толағай табыстар тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз