Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ

Биылғы жылдың ең маңызды науқаны – «Қазақстанда әркім маңызды» ұраны аясында өтіп жатқан жалпыұлттық халық санақ екендігі белгілі.

Себебі, халық санағы арқылы еліміздің болашағы айқындалып, алдағы даму жоспары жасалады. Аудандық статистика бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бұған дейін 1-30 маусым аралығында санақтың І кезеңі өтіп, қорытындысында аудан бойынша тұрғын үй мен ғимараттар саны 6345, халық саны 30724 құраған. Ал, 1 қыркүйектен бастап халық санағының ІІ кезеңі басталды. Қазіргі таңда ІІ кезең бойынша көше аттарының тізімі, үй саны мен адам сандары шығарылып, санақ учаскелеріне бөлінуде. Аудан бойынша 5 нұсқаушы бақылаушы, 38 интервьюер жұмысқа қабылданады. Нұсқаушы-бақылаушы 24 қыркүйек пен 7 қараша аралығында, интервьюерлер 1 қазан мен 30 қазан аралығында жұмыс жасайды.

Орташа жүктеме 1 нұсқаушы бақылаушыға 7 санақ учаскесінен, 1 интервьюерге 833 респонденттен келеді. Соған сай Миялы, Сағыз ауылдық окрутері бойынша – 9, Мұқыр ауылдық округі – 6, Ойыл ауылдық округі – 3, Жангелдин, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл ауылдық округтерінде – 2, , Тайсойған ауылдық округіне 1 интервью бөлінді.

– 2021 жылғы халық санағының ерекшелігі – онлайн интернет желісі арқылы www.sanaq.gov.kz сайты арқылы электронды санақ парақтарын толтыру арқылы өтуі. Онлайн режимде өту үшін респонденттер сайтта тіркелу рәсімінен өтуі тиіс. Тіркеуден және авторландырудан сәтті өткеннен кейін электронды санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағы деректерінің орталықтандырылған базасына түседі. Барлық санаққа алынған респонденттерге интервьюерлер санақтан өткені туралы анықтама береді, ал онлайн режимде өткендерге - санақтан өткені туралы СМС хабарлама мобильдік (смартфон ) телефонға және электрондық поштаға жіберіледі. – дейді аудандық статистика басқармасының басшысы Файзада Сауғабаева.

Санақ парақтарын электронды түрде толтыру уақыт үнемдеуге, респонденттердің өз үйінен немесе жұмыс орнынан шықпай барлық жанұя мүшелері үшін бір жерде мәліметтер ұсынуға өте қолайлы. Сондықтан, аудан тұрғындарының, әсіресе мекемедегі жұмыс жасайтын респонденттердің басым бөлігі осы мамандырылған сайт арқылы онлайн режимде санақтан өтуі тиіс.

Сонымен қатар халықты онлайн режимде санақтан өтуін қамтамасыз ету мақсатында, әрбір ауылдық округтерде арнайы санақ парақтарын толтыру бойынша өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылды. Осы орайда, халықтың белсенді болуы маңызды. Жалпы санақ бойынша интернет сауалнамада 91 сұрақ болады. Сұрақтар жасына, жынысы сай қойылады. Респонденттер санақтан өтуге және өзі, отбасы мүшелері үшін санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік бар. Sanaq.gv.kz сайты 24 сағат бойы қолжетімді. Екінші әдіс – дәстүрлі жаппай сауалнама 1-30 қазан аралығында интервьюрлермен электронды планшеттерді пайдалана отырып жүргізіледі. Интервьюрлерде арнайы куәлігі, мойынорағышы, портфелі болады. Егер алаяқтарға ұрынып қалу қорқыныш болса, 1446 нөмірі арқылы хабарласып, интервью туралы нақты ақпарат алуға болады.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521