Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӘСІПКЕРЛЕР ЫСТЫҚ ТАМАҚ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Бүгін аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Алтынзер Баймұратованың ұйымдастыруымен миялылық кәсіпкерлер көктемгі тасқын судың алдын алу мақсатында тынбай жұмыс жасап жатқан адамдарға ыстық тамақ беруді ұйымдастырды.

Ұйымдастырушының айтуынша, ауылдың әр жерінде уақытпен санаспай жұмыс жасап жақан азаматтарға ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен ыстық тамақ берілді.

Сондай-ақ, ыстық тамақпен айналма жолды жасап жүрген және барлық техникамен көмектесіп жатқан «АИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары да қамтылды. Ыстық тамақ «Бақыт» мейрамханасынан дайындалды. Бұл шараға қатысуда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы жанынан құрылған «Іскер әйелдер» бірлестігінің төрайымы Кәмшат Кенжеғалива, кәсіпкерлер Самаргүл Нұрмағамбетова, Құралай Төлешова, Бибігүл Жұбаева, Толқын Байбатырова, Ғалия Нуптиева, Әлия Түгелбаева, Гүлзира Лұқпанова және Алмас Саматтар белсенділік танытты.

Ал, басқа да ауыл кәсіпкерлері қаржылай көмектесті. Сондай-ақ, Серік Ожаевтың отбасы да «Бәйсеу» ықшам ауданында бөгет тұрғызып, қапшыққа құм толтырып жатқандарды тамақтандырды. Осылайша, жерлестеріміз сын сәтте ауызбіршілік танытып, әркез жәрдем беруге әзір екендіктерін көрсетті.

Бауыржан ЕРЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521