Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӨРІСУ КҮНІНДЕГІ КӨҢІЛДІ ШАРА

Көрісу күніне орай орталық алаңда "Амал келді – жыл келді" атты мерекелік шара өтті. Көктемнің жайма шуақ күнінде алаңға жиналған жұртшылық бір-бірімен қауышып, көрісіп, емен-жарқын күйде жүрді.

Шара алдымен «Арман» мәдениет үйі өнерпаздарының қойылымымен ашылып, әсем ән шырқалып, мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. Құттықтау тілегін білдірген аудан басшысы Қанат Әзмұханов:

– Амал мерекесі - бүгінде адамдарды ізеттілік пен мейірімділікке, татулық пен ауызбіршілікке жетелеп, шын мәнінде ұрпақтар сабақтастығының алтын көпіріне айналғандай. Бүгінгі күннің мән-маңызы ерекше. Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймын. Мереке құтты болсын. Көңіл жібіп, ырысымыз тасысын. Жасымызға жас қосылып, әр шаңырақ амандық пен шаттыққа кенеліп еліміз көркейе берсін,-деді.

Бірлік пен татулықты ту еткен мерекеде жиналғандарға наурыз көже мен бауырсақ таратылды. Келушілер бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, жақсы тілектерін арнады. Сондай-ақ, мерекеде жас балғындар мен ересектер арасында асық ату мен ләңгі тебуден жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға диплом, медальдар табысталды.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT