Көктем келісімен тұрғындарды мазалайтын басты мәселенің бірі – көшелерді басқан еріген қар суы. Қазір аудан бойынша бұл түйткілді шешу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізілуде.
Әсіресе, су басу қаупі бар аймақтар басты назарға алынып, тәулік бойы бақылау күшейтілді. Мәселен, күніне 120 тонна қар суы шығарылып, Өтемісов, Тайманов, А.Құттыбаев көшелерінде тазарту жұмыстары жүйелі түрде атқарылды. Алдымен су басу қаупі жоғары тұрғын үйлерден су сорылып, алдын алу шаралары жасалуда. Тұрғындарға арнайы жедел желі қосылып, су кіру қаупі туындаған жағдайда 2-13-85 байланыс нөміріне хабарласуға мүмкіндік бар, – деп мәлімдейді Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты.
Күні-түні үздіксіз жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жағдай біршама тұрақталғанымен, мәселе толық шешімін тапты деуге әлі ерте. Тұрғындар тарапынан келіп жатқан өтініштер мен талап-тілектер де атқарылуы тиіс жұмыстың әлі де көп екенін аңғартады. Сәуір болмай, тәуір болмас – аз ғана шыдам танытсақ, бұл мәселенің де шешілер күні алыс емес.
Самғат ҚАЙРАТҰЛЫ