Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әкім халықпен ақылдасып отыруы керек

«Самал» мәдениет үйінде өткен есеп беру жиналысында алдымен баяндама жасаған Көздіғара ауылдық округінің әкімі Абат Ақбалашұлының мәлімдеуінше, 2021 жылдан бастап «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» ІІІ бағытымен 6 жасмаман жұмысқа орналастырылса, ІІ бағытымен 5 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқыды және 2 адам қайтарымсыз грант алды. Ал, І бағыт бойынша 3 жұмыссыз қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқып сертификаттарын алып, 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұлардан басқа 5 адам өз кәсіптерін ашып, 3 адам шағын несие алды.

Округ әкімінің баяндамасынан кейін сөз алған ауыл тұрғыны Нұрлан Табынбаев: «Округ халқында өсім бар ма? Жер алуға мүмкіндік бар ма? Қосқұлақ елдімекеніне ауыз су жүргізу жоспарда бар ма?» деген сұрақ қойды. Оған округ әкімі: « Қазіргі таңда, округтегі халықтың саны 1663. Жер аламын деген жастар болса, конкурсқа түсуге болады. Қосқұлақ елдімекенін ауыз сумен қамту үшін 30 миллион теңге қаржы бөлінді. Жұмыстары енді басталады.» деп жауап берді. Бұдан кейінгі ауыл тұрғындарының негізгі көтерген мәселесі – бұдан бұрынғы округ әкімдерінің есеп беруінде айтылған азық-түлік бағасының қымбаттауы, газ түссе де такси бағасының шарықтауы, интернеттің жоқтығы, дүкеншілердің тұтынушыға чек бермейтіндігі, мал ауруына қарсы егілетін дәрілердің жеткіліксіздігі, мал өрісі тарылып, округтің территориясына округтің малы емес, өзге шаруа қожалықтардың малдары жайылатындығы, көшелерде жарықтың жоқтығы, жер алуға мүмкіндік молая түсу керектігі, ауыл әкімінің халықпен жиі-жиі кездеспейтіндігі, дәрігердің тапшылығы, Ойыл өзенінің жағдайы болды. Ауыл тұрғындарының мазалаған сұрақтары мен ұсыныспікірлеріне аудан әкімі мен тиісті бөлім, мекеме басшылары жауап берді.

 

Бауыржан СИСЕНОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521