Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Халықтың» қайырымдылығы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Халық» қайырымдылық қоры игі дәстүрін жалғастырып, «Ел тірегі – Елбасы» атты кезекті ауқымды қайырымдылық акциясын бастады.

Акция аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған, атаулы әлеуметтік көмек алушы, аз қамтылған және көп балалы 60 отбасына азық-түлік себеттері таратылды. Дүйсенбі күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықов пен Миялы ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықов Миялы ауылында тұратын аталмыш санаттағы 10 отбасында болып, «Халық» қайырымдылық қорының азық-түлік себетін табыс етті. Әр отбасына салмағы 50 келіні құрайтын азық-түлік жиынтығы (күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және тәттілер) берілді.

Айта кетсек, «Халық» қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің шешімімен «Ел тірегі – Елбасы» әлеуметтік маңызы бар акциясы 2020-2021 жылдар аралығында бірнеше рет өткізіліп, ондаған мың отбасына қажетті көмек көрсетілді. Яғни, жалпы салмағы 4 миллион келіден асатын 80 мыңнан астам азық-түлік себеттері таратылды. Ал, ел Тәуелсіздігінің мерекесіне дейін 20 000 отбасы тағы да азық-түлік себеттерін – жалпы сомасы 520 миллион теңгеге 1 миллион келіден астам қажетті азық-түлік алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT