Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кеңес беру кабинеті ашылды

Өткен аптада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ғимаратынан «Жас отбасыларға кеңес беру кабинеті» салтанатты түрде ашылды.

Салтанатты шараға бөлім, мекеме басшылары, «Аудандық аналар кеңесі», «Аудандық әкелер кеңесінің» төрағалары, аудандық орталық аурухана директорының ана мен бала жөніндегі орынбасары Светланаа Сақтағанова қатысты. Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Айдын Байназаров мұндай кабинеттер елімізде ажырасушы отбасылар санын төмендетіп, жас отбасылардың некесін сақтап қалуда зор ықпал ететіндігін айтып, артынша «Аудандық әкелер кеңесінің» төрағасы Асхат Есенғалиев екеуі кабинеттің лентасын салтанатты түрде қиды.

Ашылу салтанатынан соң аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Сәнімгүл Жұбаева жас ерлі-зайыптыларға неке куәлігін табыс етті. Айта кетейік, қазіргі таңда аудандық сотқа түскен отбасылық даулардың, соның ішінде неке бұзу бойынша азаматтық істердің саны жылдан жылға көбеюде. Соған орай, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Айдын Байназаров аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Болат Салықовқа ұсыныс айтып, нәтижесінде бөлім ғимаратынан аталмыш ғимарат ашылып, өз жұмысын бастап кетті.

 

Әйгерім БАЙДӘУЛЕТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT