Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда тұман түсіп, қатты жел соғады

Бүгін, яғни, 8 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

«Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде желдің  екпіні 15-20 м/с» делінген хабарламада.

Атырау ТЖД қоғаммен байланыс тобы ескертуіне назар аударыңыз:

- Жаяу жүргіншілер көшелер мен жолдарды кесіп өткенде өте сақ болуы керек;

- көшеде жүргенде абай болыңыз, электр желілері мен ағаш бұтақтарының тұтастығына назар аударыңыз;

- жеке көліктерді ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алысқа жылжытыңыз;

- үйлердің қабырғаларының жанында ұзақ тұрудан аулақ болыңыз, өйткені шатыр материалы шатырдан құлап кетуі мүмкін.

Абайлаңыз және абай болыңыз!

Бірыңғай құтқару телефоны 112!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521