Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЫСТЫҚ ТАМАҚ ТАРАТТЫ

Елі үшін етігімен су кешіп, жұмыла жұмыс жасап жатқан жұмысшыларды қолдап, шай, тамақпен қамтыса керемет емес пе?!

Осы орайда аудан кәсіпкерлері мен тұрғындары кешеден бері тынбай жұмыс жасап жатқан жұмысшыларға ыстық тамақ таратты. Сондай-ақ, ыстық тамақ ауданның қауіпсіздігі үшін бір кісідей атсалысып жатқан «АИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлеріне де үлестірілді.

Одан өзге, Миялы ауылының тұрғындары да әр тұста бөгеттердің осал тұстарын бекітіп,биіктету және қапшықтарға құм толтыру жұмыстарын жасап жүрген жандарға өз үйлерінен ыстық тамақ апарып, бойларын жылытуға үлестерін қосуда. Осылайша, жерлестеріміз сын сағатта бір-біріне демеу болып, көпшілікке үлгілі іс жасауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT