Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

15 қараша – Ұлттық валюта күні қарсаңында, аудан әкімдігінің үлкен мәжілісінде салтанатты шара ұйымдастырылды.

Қаржы саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысқан мерекелік жиында сөз алған аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

– Еліміздің Елтаңбасы, Әнұраны, Туы секілді теңге де еліміздің дербестігінің символы. Сондықтан, Ұлттық валютамызды ұлықтау мемлекетімізді ұлықтағанмен бірдей. Мемлекетіміздің мәртебесін биіктетіп, ел дамуының темірқазығына айналдыруда қаржыгерлердің кәсіби қызметінің қаншалықты маңызды екендігі айтпаса да түсінікті. Ауданымызда уақытпен санаспай, күн-түн демей еңбек еткен қаржы саласының қызметкерлері мен ардагерлері аз емес. Осы сәтті пайдаланып, оларға барша аудан тұрғыны атынан ризашылығымызды білдіремін. Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді.

Мерекелік құттықтаудан кейін аудан басшысы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман-есепшісі Орынгүл Нәбиева мен Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Жарқынай Шаденоваға Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының Алғыс хатын табыс етіп, бір топ қаржы саласының қызметкері мен ардагеріне аудан әкімінің Алғыс хатын, «Қызылқоға ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыс етті. Шара барысында, мерекелік тілегін білдірген аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мәди Ташимов бір топ сала қызметкерін аудандық мәслихат төрағасы мен аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапаттап, қаржы саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлерге мерекелік сый-сияпатын тарту етті. Мерекелік шараны «Арман» мәдениет үйінің әншілері әнмен өрнектеп, көрерменге көтеріңкі көңіл сыйлады.

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT