Аудан әкімі Ақтоғай және Ақжайық ауылдық округі тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен тұрақты кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің округ тұрғындарымен кездесу кестесіне орай, аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев 11 қараша күні Ақтоғай және Ақжайық ауылдық округі тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.
Жиында аудан әкімі Махамбет ауданының 10 айдағы даму қортындысымен таныстырды. Ақтоғай ауылының 2,152 шақырым кірме жолын күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Соған қоса Ақтоғай ауылының 2,04 шақырым ауылішілік көшелерін күрделі жөндеу жұмыстары басталуда. Сонымен қатар Ақтоғай ауылына ауыз су желісін жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, жұмыс жобасы бойынша сараптамадан оң қорытынды алынды.
Жиын барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстары бойынша тиісті тапсырмаларды берді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ