Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨП РАХМЕТ

 Әлбетте, тасқын судан қорғануға барша тұрғын атсалысса нұр үстіне нұр екендігі сөзсіз. Міне, соны жете сезінген аудан кәсіпкерлері де көмек қолын созудан аянып қалып жатқан жоқ. Соның бір айғағындай, су басу қаупі төнген Аққора елді мекеніне кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, азық- түлікпен көмек берді.

Бұл ретте, алғаш болып Миялы ауылындағы кәсіпкер Ғалия Нуптиева, Алтынзер Баймұратова, Гүлзира Елубаевалар көмек қолын созса, игі істі кәсіпкер Тұрлан Бекешов, Самғат Әбуов, Бибігүл Жұбаевалар жалғап, макарон өнімдері, картоп, жуа, ет консерві, қант, күріш, сұйық май, шәй, сары май , печенье, ұн сияқты негізгі азық-түлікпен көмек жіберді. Сонымен қатар, қаржылай көмек қолын созып жатқан кәсіпкерлер қаншама?! Ендеше, елді судан аман сақтап қалу жолындағы қалтқысыз қызметке қолдау білдіріп, қолдарынан келген көмектерін көрсетіп жатқан кәсіпкерлерге мыңда бір алғыс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT