Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӘСІПКЕР СЫЙЛАҒАН СПОРТ АЛАҢЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ елін көркейтіп, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғаны белгілі.

Бағдарлама аясында, ауданда ауқымды жұмыстар қолға алынып, игі істер жалғасын табуда. Соның дәлелі - Сағыз ауылында кәсіпкер Ақмарал Досымбаеваның демеушілігімен салынған футбол алаңы. Кәсіпкер бұл нысанды салу үшін алты миллион теңге көлемінде қаржы жұмсаған. Өткен аптаның жұмасы күні аталмыш нысанның ашылу салтанаты өтіп, ауыл жастарына қуаныш сыйлады. Шарада сөз сөйлеген аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев:

– Халық игілігі үшін салынған бұл нысан көпке қуаныш сыйлап отырғаны белгілі. Елбасы әр Жолдауында әлеуметтік салаларды жаңғырту бағытына аса мән беріп келеді. Осы бағытта Сағыз ауылында біраз жұмыстар қолға алынып, жүзеге асуда. «Туған жерге туыңды тік» демекші кәсіпкерлердің ауылды дамыту бағытында жасап жатқан жұмыстары көңіл қуантады. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спорттың мәнін арттыру бағытында салынған футбол алаңы жастардың көп жиналатын орнына айналады деп сенеміз. Өйткені, қазіргі таңда жастарымыз спортты жанына серік етіп, талай додаларда аудан абыройын асқақтатып жүр. Мұның барлығы жастар үшін жасалып жатқан жұмыстар, - деді.

sayz-sport2

Одан әрі жаңа нысан салтанатты түрде ашылып, кіші аяқдоптан жарыс ұйымдастырылды. Онда ауылдағы үш мектептен құралған командалар бақ сынап, нәтижесінде, 9 орта мектебінің командасы І орынды жеңіп алса, Сағыз орта мектебінің командасы ІІ орынды, ал, Кенбай орта мектебінің футболшылары ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздар арнайы кубокпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT