«Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар бақшасында ата-аналар мен тәрбиешілердің қатысуымен «Қысқы LIFE» атты көңілді шоу өтті.
Таза ауада шынығып, ойын арқылы денені қозғалысқа келтіріп, жылдамдық пен ептілікті шыңдау мақсатында балабақша алаңында өткен шоу бүлдіршіндер мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әдемі безендірілген аулада матрешкалар, «Қыс қызығы» тақырыбында баннер, ата-аналардың сурет көрмесі ұйымдастырылып, ошаққа от жағып, қатысушылар мен көрермендерге, бүлдіршіндерге ыстықтай тәтті бауырсақ пен шай ұсынылды.
Сондай-ақ, тәрбиешілер «Түлкі мен қоян» ертегісін ұсынса, ата-ана мен бала шанамен жарысып, қатысушылар екі топқа бөлініп, арқан тартысты. Балабақша тәрбиенушілерінің ата-анасы Б.Қанатұлы мен М.Болатқызы әннен шашу шашты. Осылайша, шынайы күлкі мен қуаныш сыйлаған тәрбиешілерге ата-аналар ризашылығын білдірсе, шараны қотындылаған балабақша меңгерушісі Бағытжамал Жұмабаева осындай көңілді шараға белсенді қатысқан ата-аналарға алғысын білдіріп, тәрбиешілер мен бүлдіршіндердің көңілді шаралары көп болсын деген лебізін жеткізді.
«Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады.
Күліп өмір сүрейік» деп жырлағандай бүлдіршіндердің жүзінен күлкі кетпесін дейміз.
Кәмшат ӘБІШ.
Суреттерді түсірген автор