Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дүйсенбай Тұрғанов қызылқоғалықтармен кездесті

Ауданға іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламанті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Мұқыр, Қызылқоға ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Халық қалаулысы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Мұқыр ауылындағы №2 орта мектепте өткен кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ашық жеткізді. Әсіресе, ауылдық округтерде спорт кешендерін салу, Ойыл өзенінің экологиялық жағдайын жақсарту және тағы да басқа өзекті мәселелерді көтерді.

img-20220219-wa0097-870x400

Осыдан соң Қарабау ауылының тұрғындарымен кездескен депутат олардың да ұсыныс-тілектерін толықтай тыңдап шықты. Сондай-ақ, ол дәрігерлік амбулаторияның да жұмысымен танысып, мамандармен ашық әңгіме жүргізді. Мәжіліс депутаты шұғыл шешімін күткен проблемалар мен ұсыныстарды жоғары жаққа жеткізіп, шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

Кездесуге қатысқан облыстық мәслихат депутаттары Айбек Ғабдуллин, Толқын Бейсқали және аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиевтер де көпшілік қойған сауалдарға жауап берді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521