Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАРИЯЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

      Аудан орталығындағы еңбек ардагерлері Аққали Әлменов, Ұмсынай  Жолдасбаева, он екі  баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген Батыр ана Қауан Хайроллиналардың отбасыларына барып, жаңа жыл мерекесімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, Миялы ауылдық округінің әкімі Сәндібек Салықов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ақтаевтар аудан әкімінің атынан түрлі тәттілермен толтырылған мерекелік себетті табыс етті.

     Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған аудан әкімдігіне алғыстарын білдірген қариялар: «Заманымыз тыныш, жылымыз құтты болсын, қораларың  малға, үйлерің жанға толсын» деп ақ баталарын берді.

            Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев пен аудандық мәслихат хатшысы Альберт Аққайнанов Сағыз, Мұқыр ауылдық округіндегі тыл ардагерлері Қарылға Ещанова, Рахима Бекмағамбетова, Көшқали Әбуов, Қамал Құттыбаевалардың да үйлерінде болып, мерекелік сыйлықтарын беріп, еңбек ардагері Қабдығали Қабиевқа арнайы  үйіне  барып,  «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті.

Бауыржан ОҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521