Жақында Сағыз ауылдық округінің тұрғыны Әнуар Нұров облыстық ішкі саясат басқармасы азаматтық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Демеу» жобасында биологиялық тұрғыдан зерттелген органикалық тыңайтқыш арқылы құнарлы жерлерді арттыру, табиғи өнім алу мақсатында жасаған «Құнарлы жер» жобасын қорғап, грантқа ие болған еді.
Осыған орай, бүгін аудан әкімі Қанат Әзмұханов сағыздық белсенді жас Әнуар Нұровты қабылдап, әлеуметтік маңызы зор істе белсенділік танытып, аудандағы еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар аудан әкімі Қанат Әзмұханов:
– Үкіметтік емес ұйымдармен, жастармен кездесулерде азаматтық секторды дамыту қажеттігін айтып келемін. Оның ішінде жастардың рөлі зор болуы тиіс. Сіздің бұл бастамаңыз өте керемет. Өзің секілді жастар осындай тың бастама көтеріп жатса, әрқашанда қолдау көрсетуге дайынбыз, - деп, 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.
Бауыржан САҚТАСИНОВ