Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жолдауды талқылады

Бүгін "Мұражай" бастауыш партия ұйымының төрағасы Сәндібек Салықов аудан кәсіпкерлерімен және бастауыш партия ұйымының мүшелерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын талқылады.

"Мұражай " БПҰ төрағасы Сәндібек Аманбайұлы жолдаудағы негізгі міндеттер мен бағыттарын атап өтті.

Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды. Бұдан өзге жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Президент жолдауынан:

  • ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі;
  • бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады;
  • ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады;
  • әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді;
  • қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады;
  • шетелден әкелінген көліктер 200-250 мың теңгеге заңдастырылады;
  • биыл кезектен тыс президент сайлауы өтеді;
  • президент өкілеттігінің мерзімі 7 жыл болады, бірақ қайта сайлануға тыйым салынады; Президент сонымен қатар кәсіпкерлерді несиелеу құнын азайтуды, салық саясатын жақсартуды ұсынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT