Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНА ЖАҢА БАС ДӘРІГЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін аудандық орталық аурухана ұжымына жаңа басшыны таныстыруға арналған жиын өтті.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2021 жылғы 6 қазандағы №484 бұйрығымен Тилемисова Айнұр Төребекқызы Қызылқоға аудандық орталық аурухананың бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Жиынға қатысқан аудан басшысы Нұрсұлтан Бисембиев жаңа қызметке тағайындалған Айнұр Тилемисоваға алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ұжыммен бірлесе ауданның денсаулық сақтау саласының дамуы мен тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, аудандағы медицина мамандарының тапшылығын азайтуда белсенді қызмет етуге тілегін білдірді. Ал, аудандық аурухананың бас дәрігері лауазымын атқарған Самат Тайшыбайдың зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, ауданның бас дәрігері ретінде атқарған жұмыстарын атап өтті.

Жиын барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының Адами ресурстарды басқару бөлімінің басшысы Гүлмира Нұрғалиева аурухана ұжымына Айнұр Тилемисованың өмірбаяны мен еңбек жолын таныстырды.

Тилемисова Айнұр Төребекқызы 1983 жылдың 12 маусымында Түркістан облысы, Түлкібас ауданының Балықты ауылында дүниеге келген. 2000-2007 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясында “Емдеу ісі” факультетін аяқтаған. Еңбек жолын 2008 жылдан бастап Түркістан облысының Арыс ауданында «Дермене» дәрігерлік амбулаториясынан аға терапевт лауазымы бойынша бастаған. 2011-2015 жылдары Қожа Ахмет Ясауи Университетінің «Ясави емханасында дәрігер терапевт;

2016-2019 жылдары Алматы облысы, Қарасай ауданының Қаскелең қаласында орналасқан Қарасай аудандық ауруханасында аға терапевт;

2018 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданының Қаскелең қаласында орналасқан Қарасай аудандық ауруханасының соматика бөлімінің меңгерушісі;

2019-2020 жылдары Шымкент қаласының №2 қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі;

2020 жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың сәуір айына дейін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау» бөлімінің бас маманы;

2021 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау» бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT