Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ГҮЛЖИХАН – «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы жылғы 25 мамырдағы №902 «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» жарлығына сәйкес, көп балалы аналар марапатталды.

Жиынды ашқан, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Айдулат Кенжебеков:

- Ауданымыздың демографиялық дамуына өзіндік үлесін қосып отырған аналарымызға көрсетілетін құрмет зор. Бүгінде аудан бойынша 584 «Алтын алқа», 595 «Күміс алқа» иеленген болса, оның қатары 1 «Алтын алқа», 5 «Күміс алқаға» толықты, - дейді.

b7c9fd97-c200-4f36-99ee-f6bbf8ed099e

Жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, оларды тәрбиелегені үшін «Алтын алқа» алқасымен Ойыл ауылдық округінен Гүлжихан Жанқуатова, «Күміс алқа» алқасымен Миялы ауылдық округінен Айзада Скендирова, Ойыл ауылдық округінен Анаргүл Қосыбаева және Жеміс Қонарова, Тасшағыл ауылдық округінен Айнұр Баймағамбетова, Тайсойған ауылдық округінен Гүлмира Ақбатырова марапатталды.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521