Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Егілген тал неге шықпайды?

Өткен аптаның сәрсенбісі күні «Шалқыма» мәдениет үйінде Ойыл ауылдық округінің әкімі Мағжан Жексеновтің халық алдында есебі тыңдалды.

Округ әкімінің мәлімдемесіне сүйенер болсақ, Жасқайрат ауылының кіре беріс жолынан Қ.Қарасартова көшесіне дейін 1200 метр бөлігіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп іске қосылды. Жеке тұрғындарға тұрғын үй салу үшін құрылыс бөлімі арқылы 102 жер теліміне инженерліккоммуникациялық инфрақұрылым құрылысына жобалық-сметалық құжат дайындау (су, газ, электр желілеріне) жұмыстары жүргізіліп, бастапқы қаржысы бөлінуде. Мемлекеттік сатып алу жарияланып мердігер анықталғаннан кейін осы жылы жұмыстар басталады. Аудандық құрылыс бөлімі арқылы дене шынықтыру және спорт кешенін салу үшін округ әкімінің шешімімен жері белгіленіп, жобалық-сметалық құжаттары жасақталды. Округ бойынша 585,6 метр ауылға кірме жол, 1911,5 метр ішкі жол және адам жүретін 273,0 метр тротуар төселген. Қазіргі уақытта жолдардың жағдайы қанағаттанарлық. Ауылда таза ауыз сумен және газ желісімен қамту толықтай шешімін тапқан. Аққора елдімекені табиғи газбен толықтай қамтылған. Елдімекендер 100 пайыз электр жарығымен қамтылып отыр.

Баяндамадан кейін сөз алған ауыл тұрғындары халықтың малын бағуға жердің жоқтығын, шөп бағасының қымбаттап тұрғандығын, ойын-сауық алаңының сапасыздығын, қоқыс төгетін алаңның ауылға қарай жақындап бара жатқандығын, жыл сайын егілген талдың шықпайтындығын, тұрғын үй мәселесі қинайтындығын, тұрақты жұмыстың болмай тұрғандығын баса айтты. Тұрғындарды мазалаған сауалдар мен мәселелерге аудан және округ әкімі, тиісті бөлім, мекеме басшылары жауап берді. Бұған қоса, аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев аудан бойынша жасалған жұмыстарға тоқталды.

Түстен кейін Жангелдин ауылдық округінің әкімі Амангелді Бағдаров ауыл тұрғындарының алдында есеп берді. Округ әкімінің баяндамасынан кейін сөз алған ауыл тұрғындары азық-түлік пен такси бағасының қымбаттап тұрғандығын, балаларды спортқа баулу үшін ауылда тұрған ғимаратты жеке кәсіпкерден арзан бағада алуға көмек қолын созуды сұрайтындығын тілге тиек етті. Аудан басшысы бұл сұрақтарға өзі жауап беріп, оң шешімін табатындығын жеткізді.

 

Бауыржан АМАНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521