Құрметті Миялы ауылыының тұрғындары мен қонақтары! Ойыл өзенінің арнасынан асып тасуына орай, су тасқыны Миялы ауылына кіру қауіпі туындауына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланып, Миялы ауылының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылдады.
Бірінші кезекте көшіруге жататын адамдар санаты: әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III- топтағы мүгедектегі бар азаматтар.
Қабылдау пункттері:
• Ы.Шөреков атындағы орта мектеп гимназиясы
• Х.Досмұхамедов атындағы орта мектебі
• «Нұр-Шуақ» бала-бақшасы болып анықталды. Жиналу тасымалдау пункттері:
• «Жаңа арна» мекемесі • аудандық әкімдігі ғимараты
• «Арман» мәдениет үйі. Жақын маңдағы жинау пункттеріне келулеріңіз сұралады. Өздеріңізбен бірге жеке бас құжаттары, қажетті заттарыңызды (шағын төсек орын т.б.) ала баруларыңыз сұралады.