Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев "Қызылқоға ауданының 2022 жылғы 5 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары" туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.
Биыл аудан бойынша Жұмыспен қамту орталығына 823 адам жұмыссыздар есебіне тіркелді. Күні бүгінгі дейін 588 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 134 тұрақты жұмыс. Ал, әлеуметтік жұмыс орындарына 46 адам жұмысқа жіберілді.
- Жастар тәжірбиесімен 18 түлек мамандығы бойынша тәжірибе жинақтау үшін жұмысқа орналасты. Алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша 3 адам 18 айға жұмысқа жіберілді. Қоғамдық жұмысқа 389 адам тартылды. Оның ішінде бағдарламаны аяқтаған 9 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Аудан бойынша 143 отбасындағы 785 жәрдемақы алушыға 17,4 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деді аудан әкімі.