Тайсойған ауылдық округінің есебінде тұратын 870 тұрғынның 466-сы дауыс беру құқығына ие. Ғ.Сланов атындағы орта мектебіндегі №154 референдум учаскесіне дауыс беруге 167 адам, 38,84 пайызы келіп, таңдауларын жасады.
– Әзірге халықтың белсенділігі жоғары. Бірінші лекпен орта жастағы ауыл тұрғындары келсе, одан кейін ауыл жастары да дауыс берді. Алыс шаруа қожалықтарынан әзірге өтініштер түсе қойған жоқ. Өтініш түссе дауыс беру жәшігін апаратын көлігіміз дайын ,- дейді аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Сексенбай Өрбісінов.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ