Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Балалардың бал мекені - Нұр-Шуаққа 5 жыл»

«Арман» мәдениет үйінде «Балалардың бал мекені - Нұр-Шуаққа 5 жыл» атты концерт өтті.

 

i

Бұл кеште балабақша бүлдіршіндері сан қырынан танылып, бірі ән шырқап, бірі мың бұрала би билесе, енді бірі көркем сөз оқып, ертегіден көріністе қойды. Шара шымылдығы балабақша тәрбиешілері мен түлектердің «Шашу» биімен ашылып, кейін «Қызғалдақ» тобының бүлдіршіні Кәусар Төремұрат «Балабақша» әнін орындаса, «Күншуақ» тобының ұлдары «Ақ пен қара» биін биледі. Ал «Ақ көгершін» тобының бүлдіршіндері «Ел қорғауға әзірміз», «Тәрбиеші апайға» әнін, «Қарлығаш», «Еркемай», «Қызғалдақ» топтарының кішкентай балғындары «Топ-топ балақан», «Балапан», «Әрқашан күн сөнбесін» әндерін шырқаса, «Айгөлек», «Көбелек» топтарының кішкентай бишілері «Миньони» биін, «Гүлдер», «Қарлығаш» топтары «Балапан» биін дөңгелене биледі.

i

i

Сондай-ақ, «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушісі Аманжан Әблахат «Туған жер» атты көркемсөз оқып көремен кошеметіне бөленді. Шарада балабақша түлектері «Шыбынбике» ертегісінен үзінді қойып, үш тілде ән шырқаса, сондай-ақ, «Қанатты періштелер», «Буратино», «Вальс», «Флэшмоб» билерімен көрерменді тамсандырды. Бес жылдық кешке түлектер тартуын арқалап келген балаларда болды. Олар балабақшаға арнау әндерін арнап, қобыз тартып, би де биледі. Соңында «Қош бол, балабақша» әнін Айару Ақылбек орындап, биылғы түлектер тәрбиеші апайларымен бірге ортаға шықты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT