Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен №10 Өрт сөндіру бөлімінде «Өз тіліңді құрметте!» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кешке Б.Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Досжанова қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы алғы сөзін арнады. Кештің мақсаты - қызметкерлердің мемлекеттік тілді сүюі, мәртебесін биік ұстауы бағытында әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатынын түсіндіру. Сонымен қатар, қызметкерлердің ой-өрісін дамыту, еркін әрі ауыз екі тілде сөйлеудің маңыздылығын ұғындыру көзделді. Кеште бөлім қызметкерлері тіл туралы домбырамен әндер айтып, көркемсөз оқыды. Шара барысында екі топқа бөлініп берілген әріптермен суреттер бойынша мақал-мәтелдер құрады, танымдық сұрақтарға жауап беріп сайысқа белсене атсалысты. Кеш соңында №10 ӨСБ бастығы Ж.Қосымбаев және ТЖБ бас маманы М.Кузембаев жеңімпаздарды марапаттап дипломдар табыстады.
А.БАЙТҮГЕЛОВ,
аудандық ТЖБ инженері
Сурет: Ашық дереккөз